×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Режиссер «Отыздан асып барамын» фильмін неге түсіргенін түсіндірді

Режиссер «Отыздан асып барамын» фильмін неге түсіргенін түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Жұрт арасында қызу талқыланып жатқан  «Отыздан асып барамын» фильмінің бастамашысы, режиссері әрі сценарийін жасаушы Қуаныш Бейсеков аталған туындының неге түсіндірілгенін айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол инстаграм-парақшасында жариялаған сторисінде әңгімесін неше түрлі қаңқу мен дақпыртқа сенбеуге шақырудан бастап, Қазақстан халқының бірлігін ойлайтынын жеткізді және фильмді түсіру арқылы жастарға шынайы тарихты көрсетуге тырысқанын жазды. Қуаныш «Ирина Кайратовна» тобымен іске кіріскенде кино ішіне жарнаманы мүлдем араластырмауға тырысқанын, кинотеатрлар арқылы қаржы жинаудан іргесін аулақ салғанын келтірді. Осылайша топтың коммерциялық директоры Алмас Жали мен бірқатар кәсіпкерлерді ортақ шаруаға жұмылдыруға, қарыздануға тура келген. Түсірілім барысында түрлі кедергілер де туындаған. Мәселен кино түсірілетін жерлердің бірі аяқ астынан бір күн қалғанда әріптестіктен бас тартқан.

«Мұндай қызықтар көп болды. Жалпы мені көрерменнің жоғары жақтан тапсырыстың жасалуын іздеуі таңғалдырады. Біз сонда нені насихаттамақпыз? Елді жемқорлардың орнына жас буынның басқаруына кез келгенін бе?», – деп ағынан жарылған жоба өкілі тиісті шығармаға барын салғанын мәлімдеп, «Болар елдің баласы» деген сөзбен қоғамды бірге дамытуға үндеді және ойын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңімен аяқтады.

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.