×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Құтқарушылар жаңа жылды қауіпсіз қарсы алу жолдарымен бөлісті

24.12.2021, 16:23
Құтқарушылар жаңа жылды қауіпсіз қарсы алу жолдарымен бөлісті
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай министрлігі азаматтарға жаңажылдық шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға кеңес береді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Себебі, елімізде жаңа жылды қарсы алғанда отшашу жасағанда, жыл сайын орта есеппен 10 шақты өрт оқиғасы орын алып отыр. Өткен жылы, тіпті, жаңажылдық түнде тілсіз жау 15 рет жұртты дүрліктірген.

Сонымен, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде:

  • терезелерінде торы жоқ кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген үй-жайларды пайдалану;
  • безендіру барысында ақау табылған жағдайда (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын), оны дереу тоқтан ажырату;
  • сахнада және зал-бөлмелерде өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру;
  • алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде:

  • оларды терезелердің, балкондардың және үйлер мен көліктердің жанында жақын қолданбаңыз;
  • мас күйде қолданбаңыз;
  • бұйымды пайдалану нұсқаулығына сәйкес, дұрыс орналастыру және сенімді бекіту қажет;
  • бұйымды тұтату кезінде оны қолда ұстауға, үстіне еңкеюге болмайды. Білтені қолсозым қашықтықтан жағу керек. Кейін кемінде 5 мин жақындауға болмайды;
  • күшті және ұйытқыма жел кезінде отшашудан мүлдем бас тартқан жөн.
  • фейерверк үшін орынды дұрыс таңдау. Бұл үлкен ашық немесе ағаштардан бос алаң болуы керек. 50 метр аралықта құрылыстар, тұрақтар, ғимараттар және басқа да өрт кезінде қауіпті нысандар болмауы тиіс. Адамдарды отшашуды қолдану алаңынан кемінде 35-50 метр қашықтыққа тұрғызу;
  • фейерверктерді ғимарат ішінде пайдалануға тыйым салынады, әсіресе онда адамдар болса.