×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыдағы атыс: Абзал Құспан ҮШТІКТІҢ заңсыз схемасын атады

21.09.2021, 15:04
Фото: tengrinews.kz

Адвокат Алматыда болған атыстың себебіне үңілді. 

Бес адамды өлтірген кісіге ауыр жаза тағайындап қойып, мәселені жылы жабуға болмайды. Алматыдағы атышулы қылмысқа қатысты белгілі адвокат Абзал Құспан осылай дейді. Оның айтуынша, болашақта осындай ауыр қылмыс қайталанбауы үшін дұрыс қорытынды жасалуы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Айта кетсек бұған дейін адвокат facebook парақшасында аталған іс бойынша сот шешімдерін базадан шығарып, зерделегені жазған еді.

«Бұл оқиғаға қазіргі қалыптасқан жүйе себеп болып отыр. Әрине, оның (бес адамды өлтірді деген күдіктінің – авт.) іс-әрекетін ақтағалы отырған жоқпын. Адам өлтірген іс-әрекеті үшін ол жауап береді. Бірақ біз бес адамды өлтірген кісіге ауыр жаза тағайындап қойып, мәселені шешілді деп отыруымызға тағы болмайды. Бұл – осы жүйені сөзсіз өзгертуді қажет ететін дүние. Мен осыған баса назар аударғым келеді. Қазір осы мәселені көтерсек, біреулер бізге «адам өлтірген қылмыскерді ақтап жатырсыңдар ма?» деуі мүмкін. Ондай әңгіме жоқ. Адам қолымен істегенді мойнымен көтеруі керек», - деді Абзал Құспан Ulysmedia.kz порталының тілшісімен телефон арқылы сөйлесіп білдірген пікірінде.

Оның айтуынша, болашақта осындай ауыр қылмыс қайталанбауы үшін дұрыс қорытынды жасалуы керек.

«Бұл жерде бір ғана мәселе: банк, сот жүйесі және сот орындаушылары! Осы үштік өзара ымыраласып, бірге іс-әрекетке баратын тірліктеріне кедергі жасауымыз керек. Заңсыз тірліктің жолы кесілуі тиіс. Заңсыз тірлік қалай жасалады? Фейсбукте жазғанымда нақты көрсетіп отырмын: Ақбұлақтағы үйдің өзі екі есе арзан бағамен сатылып кетеді де, осы үшін үйдің иелері электронды сауданың болғанын білген жоқпыз деп, сотқа береді. Сотқа берсе, сот оларға «уақытында естімегенің туралы дәлел келтір» деп талап қояды. Ал дұрысында уақытында ескерткені туралы, үйдің иелерінің электронды сауданың өткенін білгені жайлы дәлелді негізінен сот орындаушысы ұсынуы керек еді», - дейді ол.

Абзал Құспан 9 істе де үйдің иелері жеңіле бергенін айтады. Банк жеңе берген. Тек Ербол Аққуов есімді судья үй иелерінің пайдасына істі шешеді. Алайда оның шешімін аппеляциялық алқа бұзып, жоққа шығарады.

«Қоғамда мынадай пікір қалыптасты: банктермен соттасқаннан пайда жоқ – бәрібір жеңілесің деген. Ал Азаматтық кодекстің негізгі қағидаттарында «егер мемлекет немесе осындай үлкен кәсіпорын мен жеке тұлға арасында дау-дамай туындаған жағдайда, екі жақтың дәлел-дәйектері бірдей болса, басымдық жеке адамға берілуі керектігі» туралы принцип бар. Бірақ ол принцип ешқашан жұмыс істемейді. Бізде керісінше, әлгі күштінің аты арты диірмен тартады деген мақал көрініс табады. Қай мекеме бай, жағдайы жақсы – сол сотта жеңіп отырады. Күштілер жеңеді!» - дейді ол.

Адвокат ең бастысы сот тәжірибесін өзгертіп, жемқорлықты жою керектігін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары