×
434.48
492.61
5.68
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
434.48
492.61
5.68

Діни басқарма елімізде белең алған gender party-ға қатысты пікір білдірді

Ulysmedia.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сарапшысы gender party, яғни аяғыауыр келіншек немесе отбасының жақын достары құрсақтағы шарананың жынысын болашақ әкесіне сүйіншілеп, тосынсый жасауы жайлы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесін, яғни баланың жынысы туралы мәліметті қолына алған әйел оны түрлі әдіспен білдіре алады. Жағымды жаңалық шардың түсі, тәтті торттың түсі немесе қорапқа жасырылған басқа да атрибут арқылы жеткізілуі мүмкін. Нарықта бұл кешті арнайы ұйымдастырып беретін қызмет түрлері де бар.

Дегенмен, ҚМБД шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, Құран Кәрімде «Алла әрбір ұрғашы жыныстың не көтергенін, құрсақтардың нені кемітіп, нені арттыратынын, нені түсіріп (яғни түсік тас тап немесе ай-күні толмай босанатынын), нені мерзімінен асырып жіберетінін толық біледі. Оның құзырында барлық нәрсе өлшеулі», – делінгенін келтіріп, бүгінде құрсақтағы баланың жынысын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндік барын жоққа шығармағанымен, алдағы уақытта оның дүниеге қалай келетінін, сосын қалай өмір сүретінін Алла Тағаладан басқа ешкім білмейтініне назар аударады.

Сондықтан исламтанушы ғалымның пікірінше, алдын ала қуанып, тумаған балаға той жасау әбестік болып есептеледі. Босқа мал шашып пайдасыз жиын өткізсе, ысырап жасаған болатынын ескерткен ол, қазақтың ғұрып-әдетінде аяғыауыр келіншектің барынша көз-тілден сақтанғанын және өзінің жағдайын жария етуді ұят санағанын атап өтеді.