×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

Астанада қар, батыста нөсер жауады: 15 қарашада Қазақстанда күн құбылады

Бүгін, 16:05
Астанада қар, батыста нөсер жауады: 15 қарашада Қазақстанда күн құбылады
Ulysmedia.kz коллажы

15 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады. Елдің солтүстігі мен орталығында қар жауып, көктайғақ болады. Батыс аймақтарда нөсер жаңбыр күтілсе, кей облыстарда желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Көптеген өңірде тұман түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада қар жауады

15 қарашада елордада кей уақытта аздап қар жауады. Синоптиктер көктайғақ болатынын, түнде және таңертең тұман түсетінін ескертті.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман салдарынан жолдағы көріну қашықтығы нашарлайды.

Көкшетауда да түнде аздап қар жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр аралас қар жауады. Көктайғақ болуы мүмкін. Қарағанды қаласында күндіз аздап қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыста нөсер жаңбыр жауады

Атырау облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында да осындай ауа райы күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда тұман түседі.

Оралда желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында негізінен жаңбыр жауады. Түнде көктайғақ болуы мүмкін. Ақтөбе қаласында желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ал күндіз облыстың батысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстікте жаңбыр аралас қар жауып, жолдар тайғақ болады

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай қаласында күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында да аздаған жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда тұман түсіп, қатты жел соғады.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың бірнеше ауданында, соның ішінде Павлодар қаласында тұман күтіледі.

Шығыста тұман түседі

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен таулы аймақтарында түнде аздап қар жауып, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде де кейбір аудандарды тұман басады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы қандай болады?

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз таулы өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының орталығы мен таулы аймақтарында, соның ішінде Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Алакөл маңында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сізге қызық болуы мүмкін