Нұр-Сұлтанда жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні елордада 16 нәресте дүние есігін ашты.
«Жаңа жылдың бірінші күні көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала өмірге келді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, орта есеппен бір тәулік ішінде 80-90 баланың дүниеге келеді деп күтілуде. Сонымен бірге, жаңа жылда Нұр-Сұлтанның 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарып, 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. Оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да бар.
Еске салсақ, 2030 жылға қарай халықтың 27,4%, ал 2050 жылға қарай 36% астамы республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын болады.