×
489.33
566.3
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.33
566.3
6.74

Павлодар облысында үш жасар бала терезеден құлап, ауыр жарақаттан қаза тапты

Павлодар облысында үш жасар бала терезеден құлап, ауыр жарақаттан қаза тапты
Фото: magnific.com

Павлодар облысының Ақсу қаласында үшінші қабаттың терезесінен құлаған үш жасар бүлдіршін қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, бала операция кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Павлодар облысының Ақсу қаласында терезеден құлаған үш жасар баланы дәрігерлер аман алып қала алмады. Қайғылы оқиға кеше күндіз болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала анасымен бірге үйде болған. Әйел асүйге аз уақытқа шығып кеткен сәтте бүлдіршін терезе алдына шығып, маса торына сүйенген. Тор баланың салмағын көтере алмай, ол үшінші қабаттан құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған бала алдымен Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін шұғыл түрде Павлодар облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. 

 

Дәрігерлер оған ауыр бас-ми жарақаты диагнозын қойған.

Мамандар баланың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салғанымен, ол операция үстелінде көз жұмды.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Павлодар облыстық Полиция департаменті тергеу жұмыстары басталғанын айтады.

Кәмелетке толмаған жәбірленушінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша барлық мән-жайды жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тексеру шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады, – деп хабарлады.

Серіктес жаңалықтары