Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарайтын комиссияны коронавирустың таралуына қарсы күреске жетекшілік ететін вице-премьер Ералы Тоғжанов басқарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
4 қаңтар күні таңертең Ералы Тоғжанов, Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ақтауға ұшады.
Еске сала кетсек, Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап еткен болатын.