×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап етті

02.01.2022, 17:18

Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қала тұрғындары ең төменгі жалақы мөлшерін ескере отырып, газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендетуді сұрайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біз, Жаңаөзен қаласының тұрғындары бүгіннен бастап, яғни 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаламыздағы газдың бағасы шектен тыс қымбаттап – 120 теңге болғанына байланысты келесі талаптарымызды орындап, мәселені шешіп беруді сұраймыз. Газдың бағасын төмендетуді, жоқ дегенде 60 теңгеге түсіруді және осы талаптардың тез арада орындалуын талап етеміз», - дейді қала тұрғындары видео үндеуде.

Маңғыстау облысының әкімдігі бағаға әсер ете алмайтындарын түсіндірді.

Шенеуніктердің айтуынша, сұйытылған газдың қымбаттауына электронды сауда алаңдары арқылы сату себеп болған. Газ құны республика бойынша орташа есеппен литріне 110 теңге, көршілес Атырау облысында 115 теңге, Орал қаласында 120 теңге.

Қазір облыста газ бағасы 95-115 теңге аралығында. Бүгінгі таңда сұйытылған газ электронды сауда алаңдарында көлік пен кәсіпкердің операциялық шығындарын есептемегенде литрі 85 теңгеден жоғары бағамен сатылуда.

Видео үндеуге орай Энергетика министрлігі төмендегідей түсініктеме берді:

«2019 жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы (бұдан әрі – СМГ) сауда-саттығына өту басталды.

Үш жыл ішінде (2019-202 жж.) кезең-кезеңмен ЭСА арқылы өткізілетін сұйытылған газ көлемі ұлғайды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап СМГ сауда-саттығының тауар биржалары арқылы 100% сатылуы жүзеге асырылды (СМГ-ны мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы СМГ-ны тұтынатын абоненттер үшін СМГ-ны өткізуді қоспағанда).

СМГ-ны электрондық сауда-саттық арқылы өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасайды және СМГ-ның қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді» .

Серіктес жаңалықтары