×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Санақтан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты

22.09.2021, 15:39
фото: Ашық дереккөзден

Санақтан онлайн өткендер қатары 5 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 26,3%-ті құрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

22 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, 5003105 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 4323686-сы sanaq.gov.kz сайтында, 484878 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 194541 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты, дейді ұлттық статистика бюросы.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 603743 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 527233 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 437656 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 136773 және 133377 адам санақтан өтіпті.

Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 43% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 35,9% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген).

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауал бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Серіктес жаңалықтары