×
$
453.26
€
506.7
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.26
€
506.7
₽
5.58

Атырауда никаб киіп, терроризм туралы айтқан әйелдер ұсталды

Бүгін, 11:30
Атырауда никаб киіп, терроризм туралы айтқан әйелдер ұсталды
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде никаб киген екі әйелдің терроризммен байланысы туралы айтып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер (ҰҚК) танитынын мәлімдеген видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Атырау облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тікелей эфир кезінде құқыққа қайшы әрекет жасаған 38 және 39 жастағы екі әйелдің жеке басын анықтады. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.

Оқиғаға байланысты үш әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалды. Олар ұсақ бұзақылық, тыйым салынған контент тарату және бетті тұмшалайтын киім кию деректеріне қатысты. Материалдар сотқа жолданды.

Полиция не дейді?

– Теологтың қатысуымен әйелдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға заң талаптары, қоғамдық тәртіп нормалары және мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтіні түсіндірілді, – деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Контекст

Бұған дейін Ақтөбе тұрғыны TikTok желісінде балағат сөз айтқаны үшін бес тәулікке қамалған еді.