«Омбы – Майқапшағай» халықаралық трассасының құрылысы сегіз жылға созылып келеді. Алайда қазақстандықтар жылдар бойы уәде етілген сапалы жолдың орнына, әлі күнге дейін шұңқыр мен шаң-тозаңның арасында жүруге мәжбүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ulysmedia.kz редакциясына «Омбы – Майқапшағай» автожолының Боғас – Ырғызбай әулие бөлігіне қатысты түсірілген бейнежазба келіп түсті. Кадрда жеңіл көліктің ой-шұқыры көп жолмен әрең жылжып келе жатқаны көрінеді.
БҰҒАН ДЕЙІН
«Омбы – Майқапшағай» халықаралық транзиттік жолының аяқталуын Шығыс Қазақстан облысының екі бірдей өңірінің тұрғындары күтіп отыр. Жоба 2017 жылы басталған. Алғашында оны 5 жыл ішінде аяқтау жоспарланған. Алайда құрылыс ұзаққа созылып, жол ұзақмерзімді нысанға айналды.
Бүгінге дейін қайта қаралғаннан кейін жобаның жалпы құны 220 миллиард теңгеге жеткен.