×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елдегі терроризмге қарсы операциялар Telegram-арнада жарияланады

12.01.2022, 00:57
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы терроризмге қарсы операциялар туралы ресми ақпарат таратын Telegram-арна ашылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Telegram желісіндегі жаңа арна «Алматы трагедиясы» атауымен ашылды. Бұл арнада Қазақстанның барлық өңіріндегі лаңкестікке қарсы операциялар туралы ақпараттар жарияланатын болады.

Осы уақытқа дейін мұнда жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі жедел желі нөмірлері, бұзақылар мен ұрылардың ұсталуы, жаңа тағайындаулар, соңғы статистикалық деректер мен инфографикалар, фейк ақпараттарды теріске шығару түсіндірмелері ұсынылған. Әзірге Telegram-каналда 5 мыңнан астам жазылушы бар.

Серіктес жаңалықтары