Алматыда өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry автокөлігі соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Жол апаты 17 қарашаға қараған түні сағат 01:00 шамасында Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.
Полицияның мәліметінше, өрт сөндіру көлігі шақыртуға бара жатқан. Оның арнайы жарқылдауық шамдары қосулы болған. Қиылыста ол Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, ер адам көз жұмды. Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Апаттың себебі анықталып жатыр
Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
– Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Контекст
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырағанын хабарлаған едік. Қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізушінің кенет жағдайы нашарлап, автобус ағашқа соғылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды,