×
513.74
569.17
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.74
569.17
6.33

Қазақстандық музыкант Гималай шыңында Нұрғиса Тілендиевтің күйін шертті

Қазақстандық музыкант Гималай шыңында Нұрғиса Тілендиевтің күйін шертті
Видео кадры

Қазақстандық музыкант Әлібек Қайырбек Гималай тауларындағы ең биік нүктелердің біріне — теңіз деңгейінен 6200 метр биіктікте орналасқан Айленд Пик шыңына көтеріліп, сол жерде Нұрғиса Тілендиевтің күйін орындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұны ол көрнекті қазақ композиторының 100 жылдығына арнаған.

Бұл экспедиция «Дүниенің шыңдарында домбыра» атты халықаралық мәдени жобаның бір бөлігі саналады. Жобаның мақсаты — қазақтың дәстүрлі музыкасын әлемнің ең биік нүктелерінде символдық түрде орындау арқылы кеңінен насихаттау.

Әлібектің айтуынша, шыңға шығар алдында ол акклиматизация кезеңінен өтіп, дайындық барысында биіктігі 5644 метр болатын Кала Паттар шыңына көтерілген. Бұл жерден Эверест тауы анық көрінеді.

Сапар барысында музыкант тау ауылдарында, альпинистердің базалық лагерлерінде және тіпті Сагарматха ұлттық паркінің аумағында шағын концерттер ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарды қазақтың домбырасымен және дәстүрлі күйлерімен таныстырған.

Серіктес жаңалықтары