×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

OLX-те ұрланған тауарлар сатыла бастады

12.01.2022, 19:18
Фото: скриншот

OLX сатып алу/сату туралы хабарландыруларды орналастыру платформасы қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату заңмен жазаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ОЛХ платформасы әлеуметтік желілерде жариланған заттарды сату туралы хабарландырулардың скриншоттары тауарлар Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған деген күдік тудырғанын хабарлады.  

«Соңғы 5 күндегі оқиға барысында дүкендерді, қоймаларды, сауда нүктелерін тонаудың көптеген фактілері тіркелді. Мұндай қылмыстық жолмен алынған тауарлық құндылықтар әртүрлі сайттарда және әртүрлі арналар арқылы сатылуы мүмкін. Біз «Қылмыстық жолмен көрінеу жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату» ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз», - деген хабарландыру жазылды аталған платформада.

Сондай-ақ, қолданушы мен платформа арасында қандайда бір шартты растау, аяқтау, бекіту болмайтыны хабарланды. Бірақ OLX-тің модерация қызметі күшейтілген түрде жұмыс істеп жатыр.

«Біздің қызметіміздің ауқымдылығына, сондай-ақ қастық ойлаушылардың әділетсіз әрекеттеріне байланысты кейбір қажет емес контент сайтқа салынып кетіп жатады, бірақ біз әрқашан қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама аясында әрекет ететін тергеу органдарымен бірлесе жұмыс істейміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары