×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматы трагедиясы: Қақтығысты өз көзімен көргендер оқиғасы

13.01.2022, 14:09
Фото: REUTERS

Алматыдағы наразылықтар мен бұліктер шығынды есептеумен ғана аяқталса жақсы ғой. Ең өкініштісі – қарапайым азаматтар мен күштік құрылым қызметкерлері қаза тапты. Ulysmedia.kz тілшісі Алматы алаңдары мен көшелерінде болған оқиғаға куәгерлер мен зардап шеккендермен әңгімелесіп көрді.

Дәурен (аты өзгертілді – ред.) алғашқы күннен бастап митингілерде болғандардың бірі. Оның айтуынша, қасында өзі сияқты бейбіт достары бірге жүрген. Тек граната мен көзден жас ағызатын газбен алаңды күшпен таратуға көшкенде ғана жиналғандар қарсылық көрсете бастаған. Ал топ арасына агрессивті адамдар мен тонаушылар кейінірек қосылған.

«Екі-үш түрлі топтың жүргені анық болды. Біріншісінде – бейбіт адамдар, екіншісінде – агрессивті, бұл түсінікті, оларды ашуландырды және бөлек топ – тонаушылар. Алаңға бейбіт мақсатпен келгендер түрлі мәселелерді талқылағанымен, олар саусағын тигізген жоқ. Қалғандары жағдайды пайдаланып әкімдікке, резиденцияға басып кіріп, дүкендерді талқандады. Мен олардың бәрін біртүрлі ұйымдасқан түрде істеп жатқанын байқадым», – дейді ол.

Фото: Bagdat Asylbek ( Facebook)

Дәурен 6 қаңтар күні наразылық білдірушілер алаңда мәселелерді талқылап, шай ішіп отырғанын еске алды. Оның айтуынша, наразылық тыныш өткенімен, кешке қарай алаңда атыс басталған. Ол қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге арнайы бағытталғанын білдірмесе де, бірақ қаза тапқандар арасында қарусыз адамдар бар екенін айтады.

«Қатты түтін болған соң, мен оны тоса тұрмақшы болып алаңға қайтып келдім. Онда көмек сұраған дауыстар естіліп жатты және қайтыс болғандардың денесін көрдім. Қайтыс болғандар содырлар ма, жоқ па айта алмаймын. Бірақ олардың қасында қару-жарақ болмады. Біреуінің жас шамасы 30-дың маңайында болса, біреуі елулер шамасында еді. Тура қасында қарт кісі намаз оқи бастады. Қайтадан атыс басталып кеткенде, қасымдағыларды алкңнан кетуге шақырдым. Бірақ сол Ата қалып қалды, әлі алаңдаймын», – дейді сол шақтарды еске түсірген Дәурен.

Фотосурет әлеуметтік желіден алынды

Әлихан есімді  (аты өзгертілді – ред.) тағы бір куәгер 6 қаңтар күні Республика алаңында болғандардың бірі.

«Қолымызда «Біз бейбіт халықпыз» деген плакаттар болды, бірақ әскерилер келіп, барлығын тарата бастады. Олар оқ ататынын ескертті», – дейді оқиғаның куәгері.

Бұл сөздерді фотограф Бауыржан Бисмілдин де растап отыр. Әлеуметтік желіде ол әскерилердің қарусыз адамдарға қалай оқ жаудырғанын көргенін жазды. Оның айтуынша, ауаға және көпшілікке оқ ату арасындағы аралық бір минутқа да жетпеген.

«Алаңға жиналғандардың ешқайсысында қару-жарақ болмағанын растай аламын, кем дегенде мен оларды нақты көрмедім. Өлгендер болды, біреуі ертесі түске таман менің ауламның жанында жатыр екен. Жараланғандар көп болды. Олар көпшілікке себепсіз оқ жаудырды», – деді фотограф.

Сонымен қатар, осы қайғылы күндері Алматыда бірнеше жас бала да қаза тапты. Алматы қаласының тұрғыны Әнуар Дулатұлы бізге коменданттық сағат басталмай жатып оқ тиіп, қайтыс болған 12 жастағы інісі туралы айтып берді.

«Оқиға 5 қаңтар күні кешкі сағат 20:30-да болды. Дүкенге анам, тәтем және ағам төртеуі кеткен еді. Дүкендер терезе арқылы жұмыс істегендіктен, сыртында күтіп тұрған. Аздан соң ауада атылған дыбыстар естіле бастаған. Ағам мұны салют деп ойлап, телефонының камерасын қоса бергенде шүйдесіне оқ тиген», - деген Әнуар қайғылы оқиғаны ретімен баяндап берді.

Туыстары полиция мен жедел жәрдем шақырғанымен ешкім оларға сенбеген.

«Бірнеше рет алғашқы көмек көрсеткен соң  ол тыныс ала бастады. Жедел жәрдем мен полицияны шақырдық, ешкім жауап бермеді. Жігіттер көлікті тоқтатып, ауруханаға жеткізді. Қазірдің өзінде біз полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіруге тырыстық. Бізге өтірік айтасыңдар деп сенбеді», – дейді марқұм баланың ағасы.

Әнуар дәрігерлер алдымен жараны оқ деп айтқанымен, келесі күні таңертең басында оқ жоқ екенін айтқан.

«Кейінірек біз резеңке оқтар емес, кәдімгі оқ атылғаын растай алдық», - деп түйіндеді ол.

Ал Алматыдағы бүлік кезінде қаза тапқандар, жараланғандар мен хабар-ошарсыз кеткендер туралы құзырлы органдар әзірге мәлімет бермей отыр. Алайда LIDER.KZ ерікті ұйымы қазір із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге түскен өтініштердің саны тіпті жыл сайынғы статистикалық көрсеткіштен де асып түскенін хабарлайды.

Дәурен Жайсаңбай із-түссіз жоғалып кеткендердің бірі 

 «Жоғалғандардың кейбірі ұсталды, кейбірі ауруханада, мәйітханадан табылғандар бар. Ақпарат алу өте қиын, оны ешкім бермейді, сондықтан нақты бірдеңе айту қиын», - деп түсіндірді еріктілер.

Олардың айтуынша, LIDER.KZ сайтына түскен өтініштердің барлығы із-түзсіз жоғалған алматылықтарды табуға қатысты.

«Бізге хабарласқандармен сөйлескенімізде, олардың барлығы 6-8 қаңтар аралығында хабарсыз жоғалып кеткен жергілікті тұрғындар болып отыр», - дейді волонтерлік ұйым.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзенде тұрғындар автогаз бағасын төмендетуді талап етіп, шеруге шыққан болатын. Жаңаөзендіктерді әуелі Маңғыстау облысы қолдап, артынан бүкіл Қазақстан бойынша наразылық толқынына ұласқан еді.

Автор: Асема Гумаров

Серіктес жаңалықтары