Белсенді Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыға алма бақтарын қалпына келтіруге қолдау көрсету туралы үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Белсенді Байбах Биляловтың айтуынша, Алматы маңындағы таулы аймақтарда жүздеген алма ағашы кесіліп, олардың орнына тұрғын үйлер салынуда. Ол жаңа әкімді заңсыз құрылысқа жол бермей, алма бақтарын қайта жандандыруға шақырды.
– Табиғи қорғау аймағындағы құнарлы жерлер жекеменшікке өткізіліп, кейін сатылады. Алатау баурайы көз алдымызда жойылып барады. Бұл бассыздықты тоқтату қажет. Мұндай жерлерді құрылысқа емес, бақ шаруашылығымен айналысатын азаматтарға жалға беру керек. Бұл жерлерді кезінде құрылысқа берілмесін деп күресіп, мемлекеттің меншігіне қайтарған едік, – деді белсенді.
Оның сөзінше, осы мәселеге байланысты бұрынғы әкім Ерболат Досаевқа бірнеше рет жүгінгенімен, еш нәтиже болмаған.