×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

«Инфоцығандық» па әлде сауатсыздық па: сусабын сатқан Қайрат Нұртастың шешесі халықтың ызасын тудырды

Бүгін, 12:08
«Инфоцығандық» па әлде сауатсыздық па: сусабын сатқан Қайрат Нұртастың шешесі халықтың ызасын тудырды
Ulysmedia.kz коллажы

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жаңа «чудо-шампунь» таныстырып, оны сатылымға шығарды. Алайда бастама көп ұзамай сынның астында қалды.

Айдарбекованың айтуынша, бұл жай ғана гигиеналық құрал емес, «байлықтың иесі, 20 жылдық арманның жемісі, алтын құрсақ ананың еңбегі». Құны да арзан емес — бір құтысы шамамен 13 мың теңге тұрады. Соған қарамастан қарапайым халық сусабынды сатып алып, Айдарбекова ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысқан.

ҚОҒАМДЫҚ РЕАКЦИЯ

Желі қолданушылары шампуньді жарнамалау тәсілін «артық пафос» деп бағалады. Әсіресе Айдарбекованың «запах богатства» деген сөзі көпшіліктің ашуына тиген. Кейбірі мұны «қарапайым халыққа мазақ» десе, енді біреулері «мұқтаж жандарға көмектескені жөн еді» деген пікір білдірді.

ДАУЛЫ ҰТЫС

Ұтыс ойынына қатысқан тұтынушылардың да наразылығы күшейді. Олардың айтуынша, ойнатылған сыйлықтар әділ бөлінбеген.

Бұл жағдай халықтың ашуына тіпті қатты тиген сыңайлы. Толассыз дағымсыз пікірлер қалдыруда.

«Тым болмаса қымбатқа алған шампуньді қолымызға берсе екен» деген пікірлер де аз емес.

Дегенмен, сын көбейген соң Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбаларына комментарий қалдыру мүмкіндігін шектеп тастады.

САРАПШЫ ПІКІРІ

Психолог Назым Молдабекова мұндай тәсілдің психологиялық қырын былай түсіндірді:

- «Тауық сойса да қасапшы сойсын дейді. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Әркім өзіне тиесілі салада болғаны дұрыс. Танымал тұлғалардың өз беделін пайдаланып, мүлде қатысы жоқ салада сауда жасауы – артық қадам. Мұндайда көпшілік сеніп, қолындағы барын беруге дайын болуы мүмкін. Бұл – инфоцыгандыққа тән тәсіл. Белгілі адамның атағы мен жеке тарихы тұтынушыда сенім тудырып, эмоция арқылы сатып алуға итермелейді.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында әлеуметтік желідегі жалған «жылтыр өмір» мен агрессивті жарнаманың қауіпті тұстарына назар аударған болатын. Мемлекет басшысы мұндай үрдіс жастарға “бәріне оңай қол жеткізуге болады” деген жалған иллюзия қалыптастыратынын, ал шын мәнінде кез келген жетістікке адал еңбек пен жауапкершілік арқылы ғана жетуге болатынын атап өткен еді.

Авторы: Динара Жарқынбек

Серіктес жаңалықтары