Sentinel-1C спутнигі Каспий теңізінде көлемі 0,4 шаршы шақырымды құрайтын мұнайлы дақты анықтады. Ластану Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан суларына әсер еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дақ қайдан шықты?
«Прозрачный мир на Каспии» жобасының дерегінше, бұл кемеден заңсыз қалдық төгудің нәтижесі болуы мүмкін. Бұл жағдайдан кейін “Каспийді кім қорғайды және ластаушыларға қарсы қандай заңдар бар?” деген сұрақ туындайды.
Халықаралық міндеттемелер
Теңізді ластаумен күресудегі басты құжат – МАРПОЛ конвенциясы. Қазіргі уақытта ол алты техникалық қосымшадан тұрады. Олар теңіз ортасын мұнай, химикаттар, сарқынды сулар, қоқыс және ауаға таралатын зиянды шығарындылардан қорғауға бағытталған.
Каспий теңізі МАРПОЛ-дың «ерекше аймағына» ресми түрде кірмегенімен, өңір елдері бұл Конвенцияны ратификациялап, оның талаптарын орындауға міндеттелген.
Тегеран конвенциясы
2003 жылы прикаспий мемлекеттері Тегеран конвенциясына қол қойды. Ол бойынша елдер теңізді ластанудан қорғау, алдын алу және бақылау шараларын қабылдауға тиіс.
Ұлттық заңдар
Каспий – халықаралық, аймақтық және ұлттық құқықтың тиімділігін сынайтын алаң іспетті. Өңір елдерінің барлығында да кеме қалдықтарын төгуге тыйым салынған. Бұл талап олардың экологиялық және суға қатысты заңнамаларында бекітілген.