×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жергілікті бюджет кірісін ұлғайту шаралары жеткіліксіз – сенатор

27.01.2022, 09:38
Жергілікті бюджет кірісін ұлғайту шаралары жеткіліксіз – сенатор
Фото: ашық дереккөз

Сенатор Сергей Карплюк Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Ол өзінің сауалында Мемлекет басшысы бюджетаралық қатынастарды заңнамалық деңгейде түбегейлі реформалауды тапсырғанын атап өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенатордың пікірінше, қаржылық дербестікті кеңейту, өңірлік экономиканы дамытуға ынталандыру және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту үшін қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз болып отыр.

«Жалпы сипатта бөлінетін трансферттер мен нысаналы трансферттер тұрғындарға мемлекет кепілдік берген бірдей қызметтерді, әсіресе инфрақұрылымдық қызметтерді ұсынудағы өңірлер арасындағы алшақтықты көп өзгерте алмайды. Әлеуметтік жайсыздық пен шиеленістің алғышарттарына әкелетін сәйкессіздіктерді ескере келгенде, жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастырудың тиімділігі жөнінде мәселе туындайды», - деп атап өтті депутат Сергей Карплюк өз сауалында.

Сенатор 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыруда және Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерін талқылау кезінде, сондай-ақ депутаттық сауалдар мен Сенатта өткізілген іс-шаралар барысында бюджет түсімдерін болжау және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемелерін жақсарту қажеттігін атап өтті. Сергей Карплюк шығындар болжамын анықтау әдісіндегі мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, кейбір бағыттар бойынша қаржыландырудың өсе түскені байқалады, ал басқа бағыттар бойынша - керісінше, қаржыландырудың жетіспеушілігі тұрақты сипатқа айналып бара жатыр.

Сенатор осыған байланысты жергілікті бюджет кірістерін болжау әдістемесін жақсарту, нысаналы трансферттерді бөлу процесін қайта қарау, жалпы сипаттағы трансферттерді қарау және қалыптастыру кезінде жергілікті және орталық атқарушы органдардың жауапкершілігін белгілеу және басқа да мәселелерді Үкімет басшысының қарауына ұсынды.