Публицист Бақтияр Албани Қазақстандағы исламның жағдайына тоқталып, елде радикалды ағымдарға әлеуметтік негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
90-жылдардағы алғашқы кезең
Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ислам елге белсенді ене бастады. Сол кезде көптеген жастар шетелдегі діни оқу орындарына аттанған.
-Сол уақытта біздің отандастардың арасында да шектен шығып, түрлі ағымдарға ілескендер болды. Бірақ мен өз көзіммен көрдім – ол уақытша құбылыс еді. Уақыт өте келе жағдай “теңселуін” тоқтатып, тепе-теңдікке келді, – дейді ол Dope soz-ге берген сұқбатында.
Радикализм қаупі туралы
Албани радикалды ислам Қазақстанда кең көлемде тарала алмайды деген пікірде.
- Егер біз өз дәстүрімізді сақтасақ және бізді әлдеқайда қатаң ілімге көшірмесе, онда ешқандай "екінші Ауғанстан" болмайды. Қазақтардың ұстанып отырған исламында радикализмге негіз жоқ. Әлеуметтік база да жоқ. Фанатиктерді қайдан шығарады? Жекелеген адамдар бар, бірақ ол – жеке жағдай. Ал жалпы алғанда бізде орташа, қалыпты ислам басым, – деді публицист.
Қазақ даласындағы ислам бейнесі
Сөзінің соңында Бақтияр Албани қазақ халқының исламды қабылдау ерекшелігін мысалға келтірді.
Фото: islam.kz
- Сіздер де көрген боларсыздар, XIX ғасырдың соңындағы бір сурет бар. Дала, көк аспан, еркіндік. Жайнамазын жайып, төрт қазақ намаз оқып тұр. Міне, осы көрініс біздің дәстүрлі исламымыздың мәнін айқын көрсетеді, – деп түйіндеді ол.