×
540.05
629.16
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.05
629.16
6.65

Түбі шешен азамат неліктен қазақ тілін туған тілі деп санайтынын айтты

Бүгін, 18:53
Түбі шешен азамат неліктен қазақ тілін туған тілі деп санайтынын айтты
Elordainfo.kz

Юсуф Саидовтың отбасы сталиндік депортация жылдары Қазақстанға қоныстанған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Elordainfo.kz мәліметінше, Юсуф Саидов Қызылордада дүниеге келген, ал бес жыл бұрын Астанаға көшіп келген. Оның айтуынша, отбасында бірден үш тілде – шешен, қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Юсуф қазақ тілі әрдайым өмірінің ажырамас бөлігі болғанын айтады.

- Кейде менен: “Қазақ тілін қалай үйрендің?” деп сұрайды. Бұл маған біртүрлі сұрақ болып көрінеді. Себебі мен осында туып-өстім. Біз отбасында бала кезден шешенше де, қазақша да сөйлейтінбіз. Бұл екі тіл бізде қатар жүрді. Орыс тілін кейінірек, мектепке жақындаған кезімде меңгере бастадым. Бұған арнайы үйреткен жоқ. Қазақстандағы көпшілік сияқты — осы ортада өсесің де, тіл табиғи түрде бойыңа сіңеді. Айтқандай-ақ, ана сүтімен дарыған, – дейді ол.

АЙТА КЕТЕЙІК

1944 жылы Сталиннің жарлығымен шешендер мен ингуштар тұтасымен Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылды. Бұл депортация операциясы «Чечевица» деген атауға ие болған. Соның нәтижесінде 1944 жылдың ақпан-наурыз айларында Солтүстік Кавказдың 602 193 тұрғыны күштеп қоныс аударылды. Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев «қазақстандықтардың 95%-ы орыс тілін меңгерген» деп мәлімдеген болатын. Бұл сөзін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сынға алған еді.

Серіктес жаңалықтары