×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

Алматыда вандалдар жаңадан ашылған мұражайда жазулар жазып, бүлдіріп кеткен

Бүгін, 14:40
Алматыда вандалдар жаңадан ашылған мұражайда жазулар жазып, бүлдіріп кеткен
Ашық дереккөзден

Алматыда вандалдар жаңадан ашылған музейге жазулар жазып, бүлдіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Музей мәліметінше, үш күнде мұражайға 14 000-нан астам адам келген. 

ВАНДАЛИЗМ

Дегенмен, қуанышты жаңалықтармен қатар өкінішті жағдайлар да тіркелген.

- Осы уақыт ішінде вандализмнің жиырмаға жуық дерегі анықталған. Белгісіз адамдар кейбір экспонаттарға зиян келтіріп, мұражай қабырғаларын сызып кеткен, делінген мұражай жазбасында. 

Мұражай ұжымы бұл оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

- Әрбір экспонат – қазақстандықтардың ортақ мәдени әрі тарихи мұрасы, ол келер ұрпаққа сол қалпында жетуі тиіс. Реставраторларымыз қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті. Біз экспонаттар мен ғимараттың бастапқы келбетін қайтару үшін бар күшімізді саламыз, – делінген мәлімдемеде.

Мұражай әкімшілігі ережелерді сақтаудың маңызын атап өтті.

- Экспонаттарға қол тигізбеу, арнайы белгіленген жерлерде ғана түсірілім жасау қажет. Мұндай шектеулер туындылардың техникалық сақталуына және авторлық құқық нормаларына байланысты енгізілген.

Сонымен қатар, кей залдарда фотосурет пен бейнетүсірілім жасауға рұқсат берілмейді. Жарқыл (вспышка) қолдану, коммерциялық түсірілім және арнайы құрал-жабдықтарды (штатив және т.б.) пайдалану мүлдем тыйым салынған.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ережені бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнебақылау жүйесі нығайтылды. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Серіктес жаңалықтары