×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шеруге шыққан талдықорғандықты ыстық үтікпен азаптаған

02.02.2022, 15:00
Шеруге шыққан талдықорғандықты ыстық үтікпен азаптаған
Фото: әлеуметтік желіден

Талдықорғанның 37 жастағы тұрғыны, бес баланың әкесі Азамат Батырбаев митингке қатысқаннан кейін аяусыз азапталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, Азамат 5 қаңтарда Талдықорғанда өткен наразылық акциясына шығып, митингтің өзге қатысушыларымен бірге қаланың басты көшелерінің бірінен Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қиратқан.

Хабарланғандай, ер адам қамауға алынғаннан кейін құқыққорғаушылар оны соққыға жығып, аяусыз азаптаған. Азамат Батырбаевтың денесіне қыздырылған үтік басылған. 

Адвокат Бауыржан Азановтың айтуынша, Азамат тергеу изоляторында бір аптадан астам қамауда отыр. Оның ендігі тағдыры қалай болары белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 29 қаңтарда президент Қ.Тоқаев "Хабар"телеарнасына берген сұхбатында ІІМ тарапынан қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталғандарды азаптау туралы сұраққа жауап берген болатын. Сол жолы президент асыра сілтеушіліктің көптігі туралы сөз қозғап, азаматтардың құқығы бұзылмайтынын мәлімдеген. 

"Асыра сілтеу, ушықтықтыру тым көп. Бұзақыларды да, кінәлілерді де табу керек. Мен полицияның әрекетін ақтамаймын. Азаматтардың құқықтары бұзылмайтынына сендіремін", - деген еді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, бұған дейін адвокат Абзал Құспан құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан азаптаулар фактісі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатын.