×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Жындыханада жатқан сарбаздың анасы тағы бір сұмдықты айтты

30.09.2025, 08:03
Жындыханада жатқан сарбаздың анасы тағы бір сұмдықты айтты
Фото: видео кадры

Маңғыстау облысында әскери бөлімде қызмет еткен жас сарбаздардың туыстары әскердегі әлімжеттік пен зорлық-зомбылыққа қатысты дабыл қақты. Олар балаларының психикалық орталыққа түсуіне әскери қызметкерлердің әрекеті себеп болды деп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлымды қорлап, өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі»

18 жастағы Сұлтан Шынтеміровтің анасы Лаура Шынтемірова баласына әскери бөлімнің старшинасы зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып отыр. Оның сөзінше, ұрып-соғудан бөлек, сарбазға сексуалдық сипаттағы қорлық жасалған.

- Сормасаң ұрып-соғамын деп қорқытқан. Ұлым қорыққаннан қашып, қолын кесіп тастаған. Қатарластарының көзінше интимдік аймағын көрсетіп, мазақтаған соң өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Бірақ куәгерлер куәлік етуден бас тартып отыр, – дейді Шынтемірова Информбюро31-ге.

Тағы бір сарбаз ауыр диагноз алды

Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінде қызмет еткен тағы бір сарбаз Нұргелді Байыш та қазір психикалық орталықта жатыр. Анасы Жарқынай Лұқпанова ұлын сап-сау күйінде әскерге аттандырғанын, бірақ бес айдан соң «жеке тұлғаның бөлінуі» диагнозымен қайтарғанын түсіне алмай отыр.

- 18–19 жасқа дейін дені сау болып келген баламыздың бірнеше айда осындай ауруға ұшырауы ақылға қонбайды. Бұл оның болашағына балта шабу, – дейді ол.

Әскери полиция тергеу жүргізіп жатыр

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Сұлтан Шынтеміровтің 15 қыркүйекте «психикалық ауытқу» алдын ала диагнозымен ауруханаға жатқызылғанын растады. Жақын күндері ол Астанадағы Бас әскери клиникалық госпитальға ауыстырылмақ. Әскери полиция бөлімде болған жағдайды тексеріп жатыр. Қорғаныс министрлігі кінәлілер анықталса, заң аясында жазаланатынын мәлімдеді. Ал сарбаздардың аналары министрліктен көмек сұрап, балаларын қорғауды талап етуде.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін 18 жастағы сарбаз Сұлтан Шынтеміровтің жындыханадан бір-ақ шыққанын хабарлаған едік

Серіктес жаңалықтары