×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

"Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді" - ресейліктің сөзі талқыға түсті

30.09.2025, 10:44
"Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді" - ресейліктің сөзі талқыға түсті
Фото: Яндекс

Қазнетте ресейлік ер адамның сөзі талқыға түсті. ОлҚазақстанды ресейліктер үшін «мінсіз ел» деп атады, өйткені мұнда, оның айтуынша, ешкімге бейімделудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Threads желісінің қолданушысы Дмитрий Заболотов (dmitriyzabolotov) ресейліктерді Қазақстанға шақырды. Оның сөзінше, мұнда русофобия жоқ, бәрі орысша сөйлейді және менталитет «Ресеймен бірдей».

– Бүгін Қазақстанға келгеніме тура үш жыл болды. Ресейден қайда көшуді ойлап жүрген орыстарға айтарым: Қазақстанға келіңіздер. Бұл біз үшін мінсіз ел. Бәрі орысша сөйлейді. Басқа елдердегідей ешқандай русофобия жоқ. Сенің орыс екеніңді көргенде, тіпті шалғай ауылдардың өзінде сенімен орысша сөйлеседі. Ешкімге бейімделудің қажеті жоқ. Досым Евгений қазақ қызымен кездесіп жүр, айтпақшы, қыздың жасы 24-те, ал оның жасы 42-де. Мұнда Ресейді сағынбайсыңдар, менталитет біздіңкімен бірдей, – деп жазды ол.

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Бұл жазба үлкен сынға ұшырады. Threads қолданушылары автордан ресейліктерді Қазақстанға шақырмауды талап етті. Оның үстіне көптеген пікірді Қазақстан тұрғындары – этникалық орыстар қалдырған. Олар релоканттар көбіне «тәкаппарланып», мемлекеттік тілді үйренбейтінін, агрессия танытатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары