×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге төлем мөлшерін арттыру ұсынылды

Бүгін, 18:55
Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге төлем мөлшерін арттыру ұсынылды
gov.kz

Мәжілісте «Сақтандырушының жауапкершілік шегі» туралы заңның 24-бабына өзгерістер қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атап айтқанда, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіріліп, қаза болған әрбір жәбірленушіге 4000 АЕК (15 728 000 теңге) көлемінде төлем жасау ұсынылады, деп жазады kolesa.kz. Сонымен қатар, мүгедектік тобына байланысты келесі мөлшерлер қарастырылған:

I топ – 3200 АЕК (12,5 млн теңгеден аса);
II топ – 2400 АЕК (шамамен 9,5 млн);
III топ – 1000 АЕК (шамамен 4 млн);
бала мүгедектігі – 2000 АЕК (7,8 млн).

Мүгедектік белгіленбеген жарақат, зақым немесе денсаулыққа өзге де зиян келтірілген жағдайда төлем мөлшері 300 АЕК-тен (1 179 600 теңге) аспауы тиіс.

Сонымен қатар, стационарда ем қабылдаған әр күн үшін сақтандыру төлемі кемінде 2 АЕК (7864 теңге) болуы қажет.

Бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген залал үшін төлем зиян мөлшерінде, бірақ 1200 АЕК-тен (4,7 млн теңге) аспауы тиіс. Екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне бір мезетте келтірілген залал үшін де төлем әрқайсысына жеке есептеледі, бірақ 1200 АЕК-тен аспайды.

Бұл ретте барлық жәбірленушілерге төленетін сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 4000 АЕК-тен аспауы тиіс. Осылайша, мүгедектік белгіленбеген жарақаттар бойынша төлемдер екі есеге ұлғайтылады.

ПІКІР

Депутаттардың пікірінше, бұл түзетулер жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді, себебі қазіргі төлем мөлшері ем мен оңалтудың барлық шығындарын өтей алмайды.

Серіктес жаңалықтары