×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Алматыда екі жасар қыз мерт болды: ата-анасы дәрігерлерді кінәлады

Алматыда екі жасар қыз мерт болды: ата-анасы дәрігерлерді кінәлады
Коллаж: ulysmedia.kz

Алматы облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасында екі жасар қыз қайтыс болды. Бүлдіршіннің ата-анасы әділ тергеу жүргізуді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүлдіршіннің анасы Фатиманың сөзінше, дәрігерлер екі жасар қызына дер кезінде көмек көрсетпеген. 

- Қызым 1 қазанда ауруханаға түсті. Ал 5 қазанда ұстамасы басталды. Іші ауырып жатқанын қолымен көрсеткен. Әйелім бірден кезекші дәрігерге барған. Ол бізді хирургтарға жіберді. Хирургтар “бәрі дұрыс” деді. Артынша КТ, УДЗ жасап, қызымыз ұйықтап қалуы үшін анальгин мен демидрол берді, дейді бүлдіршіннің ата-анасы. 

6 қазанда таңертең екі жасар қыз жансақтау бөліміне түскен. Ал сағат 11.40-та бала қайтыс болған. 

- Біз полиция шақырдық. Тергеушілер келді. Біздің арызымызды қабылдап, артынша ауру тарихын алды. Оның өзін бес сағат күттік, дейді қыздың анасы. 

Яғни дәрігерлер полицейлерге баланың ауру тарихын бес сағат бойы бермеген. 

- База істемей қалды деп сылтауратты. Біреуге айып таққымыз келмейді, тек әділ тергеу жүрсе дейміз. Ертеңгі күні басқа балалар да менің баламның жағдайына түспесе дейміз, дейді баланың ата-анасы. 

Алдын ала сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, баланың ішегі түйіліп қалған. 

- Бұл жағдайда ең алдымен хирург көмектесуі керек болған. Ол балаға ұйықтататын дәрі бермей, бақылауға алуы қажет болған, дейді бүлдіршіннің ата-анасы. 

Ұлысмедиа бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдарға сауал жолдады. 

Серіктес жаңалықтары