×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтар оқиғасына қатысты 802 адам қамауда отыр - Бас прокуратура

04.02.2022, 19:29
Қаңтар оқиғасына қатысты 802 адам қамауда отыр - Бас прокуратура
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жалпы қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғасында болған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтарын, заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып келеді. Бүгінгі күні 2 752 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ал 91 тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і - сотты болған, кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін және радикалды діни ағымдардың жақтаушылар», - деді ол орталық коммуникациялар қызметідегі брифинг барысында.

Бұдан басқа, прокуратура бұрын қолданылған бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша жұмысты жалғастыруда, деп мәлімдеді Қилымжаноd.

«Атап айтқанда, Алматы қаласының прокуратурасы 59 күдіктіні қамауға алудан, Қызылорда облысында 3 адамды және Шығыс Қазақстан облысында 1 адамды босатты. Оларды қамауда ұстау ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырылды. Тағы 3 адамға Қызылорда облысының прокуратурасы соттың санкциясымен қамауда ұстау үй қамаққа ауыстырылды», - деді ол.

Бас прокуратураның мәліметінше, осы уақытқа дейін прокуратураға "тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану” туралы 148 шағым түскен. Бұларға қатысты 105-кодекс негізінде қылмыстық істер қозғалды.

«Олардың ішінде Атырау облысындағы "Динамо" стадионында әлеуметтік желілерде жарияланған, Алматы облысындағы Азамат Батырбаевқа қатысты және басқа да оқиғалар бар», - деді Қилымжанов.