×
538.56
625.65
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.56
625.65
6.62

Үстіртте сирек кездесетін жануар фотоқақпанға түсті

Бүгін, 18:35
Үстіртте сирек кездесетін жануар фотоқақпанға түсті
Фото: Instagram

Үстіртте сирек кездесетін жануар - Үстірт арқары фотоқақпанға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үстірт арқары – ғылыми атауы «Үстірт уриалы» (ovis vignei arcal Eversmann) – сирек кездесетін түр, эндемик. Қазақстанда тек Маңғыстау облысында таралған. Үстірттің Оңтүстік Батыс шыңдарында кездесетін, аласа тау арқары.

ҚЫЗЫЛ КІТАПТАҒЫ ЖАНУАР

Қазақстанның Қызыл кітабына енген Үстірт арқары – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған. Арқар – Үстірттің қысы суық, жазы өте ыстық, шөлді аймаққа жататын ауа райына бейімделген. Ыстық және құрғақ маусымдарда су іздеп басқа жерлерге қоныс аудармайды. Үстірт шыңының төменгі беткейлеріндегі су қоры өте аз, ащы бұлақтардан шөлін қандырады.

Үстірт арқарының сезім мүшелері – көру, есту және иіс сезу қабілеті жақсы дамыған, себебі өте сақ жануар. Негізгі жауы – қасқыр, ал қозыларына түлкі, ірі жыртқыш құстар шабуыл жасайды.

Арқардың аналықтары көбеюге 2,5-3 жасында, ал қошқарлары 4,5-5,5 жасында қатысады, күйек маусымы қазан-желтоқсан айларында.

Серіктес жаңалықтары