×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Инфляцияның кесірінен халық үш жерде жұмыс істеп жүр - сарапшы

Бүгін, 11:44
Инфляцияның кесірінен халық үш жерде жұмыс істеп жүр - сарапшы
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандықтар қарыздың көбеюі мен үкіметке сенімнің азаюы жағдайында көбірек жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

PaperLab зерттеу орталығының директоры, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев соңғы жылдардың басты әлеуметтік құбылысы – қос немесе тіпті үш жұмыста қатар істеу үрдісі екенін айтты, деп жазады digitalbusiness.kz.

Оның сөзінше, ресми жалақы статистикасы шынайы жағдайды толық көрсете алмайды, себебі елде көлеңкелі және «сұр» экономика үлесі жоғары. Бұл теңсіздік қоғамдағы тұрақтылыққа қатер төндіріп, протестік көңіл-күйдің өсуіне себеп болуы мүмкін.

– Соңғы жылдары байқалып отырған негізгі құбылыс – қос және үш жұмысты қатар істеудің артуы. Күндіз ресми жұмыста отырған адамдар кешке такси жүргізеді немесе қосымша табыс табудың басқа жолдарын іздейді. Бұл қазір жаппай құбылысқа айналды. Орташа немесе одан жоғары жалақы алатындардың өзіне де қазір күнделікті қажеттіліктерге ақша жетпей жатыр. Бұған қос таңбалы инфляция әсер етті. Ресми статистика бұл жағдайды әлі көрсете қоймағанымен, әлеуметтік-психологиялық салдары айқын: адамдардың ашушаңдығы мен шаршауы артып барады. Олар демалмайды, отбасымен уақыт өткізе алмайды, ал бұл өмір сапасына кері әсер етеді, – деді сарапшы.

Серіктес жаңалықтары