Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Айсұлу Айданқызының сөзінше, Алматы қаласының соты әділетсіз шешім шығарған.
- 2024 жылдың 7 қазанында 21 жастағы ұлым Абылай Дүйсеннің пәтерімізде екі қолы байлаулы, аяғы жерде тұрған өлі денесі табылды. Көптеген дерек анықталса да бұл іске қатысты тергеу әлі нақты шешімге келген жоқ, Екі қолы артына байланған адамның өзіне қол жұмсауы мүмкін бе?, – дейді композитордың әйелі журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында.
Оның сөзінше, Бостандық аудандық полициясы дәлелді жауап бермеген.
- 2025 жылдың 24 қазанында Бостандық аудандық соты менің пәтеріме қатысты әділетсіз шешім шығарып, 13 жастағы ұлым және 83 жастағы қарт әкем және мен тұрып жатқан пәтерімізден шығуымыз туралы заңға қайшы шешім шығарды. Ал пәтер үшін дауласқан тұлға Мұқаш Санжар ұлым Абылайдың өліміне байланысты жүргізіліп жатқан тергеу барысында “мен Абылайға тек қарыз ақша бергенмін. Пәтерді кепіл етіп алдым” деп анық көрсеткен. Осы туралы тергеу сотының 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі қаулыларында бекітілген. Демек, сот сатып алу келісімшартын жарамсыз деп тануы тиіс еді. Марқұм Абылай мен Санжар Мұқаштың екеуара whatsapp-тарында соңғы тек 65 миллион теңгені өте жоғары пайызбен бергені расталды, – дейді Айсұлы Айданқызы.
Композитордың әйелінің айтуынша, соттың шешімін заңға қайшы деуге негіз жеткізілікті.
- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, осыған байланысты сот төрелігінің әділетті болуына ықпал етуіңізді сұраймын, – дейді ол.
ҚАЗА
Еске салайық, 2023 жылғы 24 қаңтарда 47 жасында композитор Арман Дүйсенов қайтыс болған. Араға бір жыл салып композитордың ұлы Абылай 2024 жылы 7 қазанда өмірден өтті.