×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Путиншіл депутат Азамат Әбілдаевтің өкілеттігін жойылды

20.01.2023, 09:49
Путиншіл депутат Азамат Әбілдаевтің өкілеттігін жойылды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың өкілеттігін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - деген қаулы шығарды ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін депутат путиншіл көзқарасымен өткір сынға қалған еді. Кеше Ақ жол партиясы оны өз қатарынан шығарған еді.

Айта кетсек, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өткен. Онда А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдаған.

Еске сала кетсек, Путинді қолдаған Қазақстан депутаты өткір сынға қалған еді. Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты. Оның сөзі НАТО мен Украинаны айыптай сөйлейтін ресейшіл пропагандамен үндес шыққан. Депутаттың сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ақ жол мүшелерін өткір сынап жатқандар бар.