×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Желтоқсаншыларды террориске теңеген: Судья Ловягинаның сөзіне сараптама тағайындады

20.01.2023, 10:19
Желтоқсаншыларды террориске теңеген: Судья Ловягинаның сөзіне сараптама тағайындады
Фото: Скриншот

Ақмола облысы Сандықтау ауданында Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға тіл тигізген Лариса Ловягинаға қатысты сот ісіне әлі нүкте қойылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңгер, "Желтоқсан-86" бірлестігі төрағасының орынбасары Әлібек Алмабаевтың жазуынша, бұған дейін бірнеше куәгерден жауап алынған. Сот отырысы барысында Ловягинаның адвокаты судьядан іс бойынша сот-филологиялық сараптама тағайындауды сұраған. Судья оның өтінішін қанағаттандырған.   

Еске сала кетейік, "Желтоқсан-86" бірлестігі желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген шенеунікті бұған дейін сотқа берген еді. Оның алдында «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандар террорист болған» деп сөйлеген. Оның бұл сөзін бірнеге куәгер растап отыр. Алайда сотта ол өзіне тағылған айыппен толық келіспейді.