×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

Қазақстанда қасқыр мен шибөріні атуға рұқсат беріледі

Бүгін, 10:03
Қазақстанда қасқыр мен шибөріні атуға рұқсат беріледі
Фото: instagram / qazaqormany

Қазақстанда 2026 жылға арналған қасқырлар мен шибөрілерді аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалды. Бұл бағыттағы биологиялық негіздемені Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті дайындаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Рұқсат қашан беріледі

Бұл жыртқыштарды атуға арналған рұқсаттар 5 қаңтар күні сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады.

Қай өңірлерде шектеу бар

Комитеттің мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында қасқыр мен шибөріні атуға тек үй жануарларына шабуыл тіркелген жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Қызмет қалай көрсетіледі

Жыртқыштарды атуға рұқсат алу қызметі толықтай автоматтандырылған. Өтінішті электронды үкіметтің elicense.kz порталы арқылы онлайн форматта рәсімдеуге болады.

Серіктес жаңалықтары