Алматыда 91 жасында Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болған **Дінмұхамед Қонаев**тың кенже қарындасы, ғалым-микробиолог Роза Қонаева өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Роза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1956–2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ғылым докторы, профессор болды. Қазақ КСР-індегі Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.
Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек хабарлады. Айта кетейік, депутаттың жұбайы Роза Ахметқызының жиені.
— Мен оның ақыл-кеңесі мен қолдау сөздерін жақсы есімде сақтадым. Бірде ол маған: «Бақытжан, кеше сен туралы мақала оқыдым. Жарайсың. Алға ұмтыл. Бірақ мейірімді әрі сақ бол, сенің кішкентай балаларың бар», — деген еді. Ол әрдайым адамның көзіне тура қарап сөйлейтін. Айтар сөзін асықпай, ойланып таңдайтын және әр адамға дәл қажет сөзді таба білетін. Үнемі күлімсіреп жүретін, ішкі күйзелісі мен алаңдаушылығын сыртқа көрсетпейтін. Роза Ахметқызы тамаша отбасында дүниеге келген, бауырларының ішіндегі кенжесі болды және соңғы күніне дейін олардың әрқайсысын жылылықпен еске алып, отбасы тарихын бізге аманаттап жеткізіп отырды, — деп жазды Базарбек.