Бокстан Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің күміс және қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев өзіне жасалған қастандық туралы айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Еркебұлан Шынәлиевтің сөзінше, бұл іске
- Мені 2025 жылы мамыр айында Иманәлиев Нұржан, Мұқашев Шыңғыс деген екі азамат Ыстамбұлға бапкерлік қызметпен шақырды, солардың үйінде он күндей тұрып, жаттықтыру жасап жүрдім. Он күндей болып, қайттым. Одан кейін елге қайтып келгенімде маған Шыңғыс Мұқашев деген жігіт бірнеше рет хабарласып, “маған бір-екі азаматты “сындыру” керек, осынша ақша беремін, барынша аяқ-қолын сындыру керек” деген біраз іс-әрекетті айтты, – дейді боксшы.
Еркебұлан Шынәлиев Шыңғыс Мұқашевқа “ондай нәрселермен айналыспайтынын” жеткізіп, ұсыныстан бас тартқан.
- 3-4 рет сондай хабарлар түсті. Сөйтіп мені 2026 жылы қаңтар айында Ыстамбұл қаласына тағы шақырды. Жаттықтырушылық жұмыспен ақылдасатын нәрселер бар деді. Қаңтар айында ұшып бардым, мені күтіп алды. Сөйтіп мені Ыстамбұлдан 150-200 шақырым жердегі ну ормандағы ғимаратқа апарып, маған бір қағаздарды көрсетіп, ҰҚК адамымын деп мойындайсың деп барынша жалған ақпараттың бәрін айтқызды. Менің басыма тапанша тақап қойды. Мен сасқанымнан, қорыққанымнан не айтып, не істегенімді білмеймін. Мені видеоға түсіріп, үндеу жасатты. Қасында біраз сақалды жігіттер болды, Қырғызстан азаматтары болды. Біраз қылмыс істеп сол жаққа қашқан жігіттерді сол жерде көрдім. Кейін елге аман-есен оралдым, – дейді боксшы.
Оның сөзінше, Нұржан Иманәлиев пен Шыңғыс Мұқашев мұндай әрекетке Түркиядан саяси баспана алу үшін барған болуы мүмкін. Боксшы бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінен заң жүзінде әрекет етуді сұрады.
ИМАНӘЛИЕВ НЕ ДЕЙДІ
Нұржан Иманәлиев әлеуметтік желіде боксшының үндеуіне жауап бергендей жазба қалдырған.
- Дәл қазір сен көмектескен адам өзгелерге сені жаман адам деп айтып жүр, – дейді ол.
ИМАНӘЛИЕВ ДЕГЕН КІМ
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Нұржан Иманәлиев “Нойс” лақап атымен белгілі тұлға. Ол Дикий Арман, яғни Арман Жұмагелдиевтің оң қолы әрі серіктесі болған.