×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салды

01.02.2023, 10:19
Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салды
polisia.kz

Алматы тұрғыны әйелін атып өлтіріп, артынан суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы шағын ауданда болды.

«Алдын ала болжам бойынша отбасылық жанжал кезінде 48 жастағы ер адам мылтықпен жұбайын атып өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт «кісі өлтіру» қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама тағайындалды.