×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Семейде денесі есікке қысылған 7 жасар баланы автобус сүйреп кеткен

06.02.2023, 13:03
Семейде денесі есікке қысылған 7 жасар баланы автобус сүйреп кеткен
фото: ашық дереккөзден

Абай облысында 7 жасар баланың денесін қысып қалған автобус жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға жайлы баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне мәлім еткен. Автобус баланы бірнеше метр жерге сүйреген. Анасының айтуынша, ол баланы жібермей ұстап тұрғандықтан, дөңгелек астына түсіп қалудан аман қалған.

«Әйел адамның айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған. Ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Абай облысының Полиция департаменті 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, аталған бап 5 АЕК, яғни 17250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуді қарастырады.