Елімізде фрилансерлердің негізгі бөлігі білім беру, сауда салаларында (15% - дан), сондай-ақ мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру секторында (13%) жұмыс істейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда 1 млн-нан астам адам фрилансер болып жұмыс істеді. Сонымен қатар фрилансерлердің 78%-ы мұндай жұмысты жалдамалы жұмыспен біріктірді.
Орташа табыс 124 мың теңгені, медианалық табыс 65 мың теңгені құрады. Бұл шарт бойынша сыйақы мөлшері аз адамдардың көп екендігін көрсетеді. Бұл ретте ең жоғары табыс кәсіптік және ғылыми қызмет салаларына (орташа табыс 211 мың теңге және медианалық табыс – 111 мың теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібіне (209 мың және 149 мың теңге), ақпарат пен байланысқа (188 мың және 93 мың теңге) тән.
Өңірлерге қатысты жиынтығында Алматы, Астана және Шымкент қалаларына барлық фрилансерлердің шамамен 41% келеді, оның ішінде тек Алматыда-22%.