×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Небары 273 доллар: Қазақстан ұлт саулығына бөлінген қаржы жөнінен әлемде көш соңында

10.02.2023, 09:34
Небары 273 доллар: Қазақстан ұлт саулығына бөлінген қаржы жөнінен әлемде көш соңында
Коллаж: Ulysmedia.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, медициналық көмек сапасының төмендігінен әлемдегі халқының табысы орташа деңгейлі елдерде жыл сайын 5,7 миллионнан 8,4 миллионға дейін өлім-жітім тіркеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүкіл әлемде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі құрылымдар талаптарға сай емес: әрбір сегізінші медициналық мекемеде сумен жабдықтау қызметтері, әрбір бесінші мекемеде санитарлық-гигиеналық қызметтер, әрбір алтыншы мекемеде медициналық көмек көрсету орындарында қол гигиенасына арналған құралдар жоқ.

Инфрақұрылымды, медицина қызметкерлерінің құзыретін, медициналық қызметтердің құнын, сапасын және мемлекеттік аппараттың дайындығын ескере отырып Оңтүстік Корея, Тайвань және Данияның денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі ең үздіктер деп танылды.

Зерттеуде ТМД елдерінің арасында  Беларусь (89-дан 57-ші орын), Ресей (58-ші орын), Украина (81-ші орын), Қазақстан (82-ші орын) және Әзірбайжан (86-шы орын) сияқты елдердің медициналық жүйесі бағаланған. Рейтингтегі негізгі көрсеткіштер бойынша ТМД елдері көптеген мемлекеттерден айтарлықтай төмен.

Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары орта есеппен 1,1 мың долларды құрайды. АҚШ және Еуропа елдерінің көпшілігі — Швейцария, Норвегия, Люксембург, Дания, Швеция, Германия азаматтарының денсаулығынан қаржы аямайды.

ТМД елдерінде жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары әлдеқайда төмен. Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш небары 653,4 долларды, Арменияда – 524 долларды, Түрікменстанда – 500 долларды, Беларусьте – 399,4 долларды, Молдовада – 284,3 долларды, Қазақстанда – 273 долларды, Өзбекстанда – 98,6 долларды, Қырғызстанда – 62,1 долларды, Тәжікстанда – 61,9 долларды құрайд.