×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ішкі миграция: көшіп келушілер саны жөнінен Алматы қайтадан көш бастады

10.02.2023, 12:27
фото: ашық дереккөзден

Былтыр Алматыға елдің өзге өңірлерінен 35,3 мың адамды қоныс аударған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл Астанамен салыстырғанда 1,5 мыңға артық. 2021 жылы ішкі көші-қон статистикасын бойынша алдыңғы орында Астана тұрған еді, былтыр Алматы қайтадан көш бастады.

«2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда Алматыда қоныс аударғандар саны 20,7%-ға немесе 6 мың адамға өсті. Өсім Алматы (30,4 мыңнан 36,6 мың адамға) және Жамбыл (6,5 мыңнан 7,6 мың адамға) облыстарынан көшіп келушілер санының артуы есебінен болды», - деп жазады DataHub талдау орталығы.

Астана да ішкі миграцияның негізгі бағыттарының бірі екені даусыз, бірақ айырмашылық бұрынғыдан соншалықты көп емес – 1,9 мың адам.

Сондай-ақ Түркістан облысынан (6,5 мыңнан 7,3 мың адамға) және Шымкенттен (3,4 мыңнан 4,2 мың адамға) ішкі көшіп-қонушылардың саны айтарлықтай өскен.

Серіктес жаңалықтары