×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда ерлі-зайыпты жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған (ВИДЕО)

14.02.2023, 12:14
Фото: дереккөзден

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, 1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен.

– Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін “әлеуетті ата-ананы” алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Ерлі-зайыптының екі баласы бар екендігі анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады.

Еске сала кетсек, жуырда Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жіберген акушерлер ұсталған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары