×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тараздағы сәби саудасы: Акушерлер нәресте үшін қанша ақы алғаны белгілі болды

25.01.2023, 15:16
фото: polisia.kz

Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, 2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтаған.

“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады”, – делінген хабарламада.

Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облыстық прокуратурасы сәби саудалады деген күдікпен Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері ұсталғанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары