×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Биыл Қазақстан Ауғанстанға астық экспорттай ма - министрлік жауабы

Биыл Қазақстан Ауғанстанға астық экспорттай ма - министрлік жауабы
фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров биыл Қазақстан қай елдерге, қанша көлемде дәнді дақылдарды экспорттайтынын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Биыл 6-6,5 миллион тонна экспортқа жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін жағдайымыз бар. Елімізде 16 миллион тонна астық бастырылса, оның 7,5 миллионы ішкі нарыққа кетеді, оның ішінде тұқымы, фуражы, басқа да жағдайы бар. Сондықтан 6-6,5 миллион тоннадай жібереміз. Жалпы, бұрынғы өзіміздің нарықтар бар. Олар: Орта Азия, Ауғанстан, Иран. Еуропа жаққа да қатты бидай жібереміз», - деді Сапаров ОҚК брифингі барысында.

Бұған дейін вице-министр Қазақстандағы биылғы егін жинау науқаны туралы айтып, қымбатшылыққа қатысты пікір білдірген болатын.