Өткен жылы Қазақстанда 29 қаржы пирамидасының көзі жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелген.
Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемесі мен аккаунты бұғатталды.
Қазірдің өзінде тартылған азаматтарға 19 000 ескерту жіберілді, бұл 15 000 азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті.
«Дегенмен, азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастырып жатыр», – дейді агенттіктегілер.