×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Автокөлік өндірісі: Өзбекстан Қазақстанды артта қалдырды

29.09.2021, 10:56
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстан жеңіл автокөліктер өндірісі бойынша елдер рейтингінде 39 елдің ішінде 35 орында тұр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Ресейден ғана емес, Өзбекстаннан да артта қалып отыр, дейді energyprom.kz.

2021 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстан жеңіл автокөліктер өндірісі бойынша елдер рейтингінде 39 елдің ішінде 35 орында тұр. Қазақстанда осы кезеңде 17,6 мың жеңіл машина шығарылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,7%-ға көп. Рейтингте қарастырылған елдерде 14,7 млн машина шығарылды, бір жылда плюс 15,9%.

Өндіруші елдердің бірінші үштігінде – Қытай (5 млн автомобиль), Жапония (1,9 млн) мен Үндістан (1,1 млн).

ТМД елдері арасында Ресей көш бастап тұр (рейтингте 9-шы орында, 365,2 мың автомобиль, бір жылда плюс 13,1%) және Өзбекстан (29-шы орын, 44,5 мың авто, минус 41,2%).

Рейтингте көрсеткіштері Қазақстаннан нашар елдер: Беларусь (5,3 мың авто), Украина (1,7 мың) және Әзербайжан (408 автомобиль).

Серіктес жаңалықтары