Қазақстандықтардың зейнетақы шоттарында шамамен 12,6 трлн теңге бар. Ең көп қаржыны 31-40 жас аралығындағы салымшылар жинапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, міндетті жарналар бойынша шоттар саны 10,9 миллионға жетті. Бұл ретте, жинақтар сомасы шамамен 12,6 трлн теңгені құрады, дейді LS.
Ең көп қаржы 31-40 жас аралығындағы (3,72 трлн теңгеден астам) және 41-50 жас аралығындағы (3,7 трлн теңге) салымшылар шоттарында жинақталған.
Одан әрі:
- 51-60 жас аралығы – 3,2 трлн теңге;
- 21-30 жас аралығы – 1,1 трлн теңге;
- 61-70 жас аралығы – 715,8 млрд теңге.
Ең аз ақша келесі салымшылар шоттарында жинақталған:
- 20 жасқа дейін – 14,7 млрд теңге;
- 71-80 жас аралығы – шамамен 4,9 млрд теңге;
- 81 жастан бастап одан әрі – 826,4 млн теңге.