×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді

10.03.2023, 15:14
Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді
24.kz

Елімізде 2023 жылдың ақпанында қаңтармен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,7%-ға азайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 118  мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 174 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 17 944 мәміле.

Мәмілелер саны бойынша Алматы  (4 231– 17,5%) және Астана (4 208– 17,4%) қалалары алғашқы орындарда. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 265 бірлік (1,1%).

Қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан (26,1%), Ақмола (15,5%) және Жамбыл облыстарында (15,4%) тіркелді. Мәмілелер саны бойынша көш басында тұрғанына қарамастан, бір айдағы ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-24,4%), сонымен қатар, Жетісу (-13,3%) және Ұлытау (-7%) облыстарында болды.

“2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,6%-ға (471 мәмілеге) азайған. Ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 17 944 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,4%-ы. Бөлмелер саны бойынша ақпанда 1 бөлмелі 6 935 пәтер ресімделді. Алып-сатудың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (55%) тиесілі”, – делінген хабарламада.

Елімізде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны, керісінше, 5%-ға (295 мәмілеге) өсіп, 6 174-ті құрады. Сандық мәнде ең үлкен өсім Түркістан облысында (+88 мәміле), ең үлкен төмендеу Қарағанды облысында (-42 мәміле) байқалған.

2023 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда шамамен 2 есе (48,2%-ға) азайған, ол кезде 46 577 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-69,3%) байқалды. Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстанның екі қаласында пәтер бағасы күрт өскенін хабарлағанбыз.